Ибраһим мен Айша есімдері Атырауда осы жылдың ең көп қойылған есімдерінің тізімінде көш бастап тұр.
Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері Атырауда 10014 бала дүниеге келген. 164 ұл балаға ата-анасы Ибраһим деп ат қойған, екінші орында Әлихан - жаңа туған 136 нәрестеге осындай есім берілген. Үздік үштік қатарында - Нұрислам (128) есімі, ал Ахмад (119) есімі төртінші орында.
Қыз есімдерінің тізімінде бірінші орында - Айша мен Раяна (226 және 225). Айлин есімі - екінші орында (221), үшінші орында - Медина (195).
Зульфия ИСКАЛИЕВА