Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап, Би-Би-Си хабарлады.
«Ұшқыштардың бірнеше дене мүшелері табылды. Апат орнында іздестіру жұмыстары жалғастырылуда», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметінен. Іздестіру жұмыстарына 40 адам жұмылдырылған.
Бішкектің «Манас» халықаралық әуежайында орналасқан АҚШ Әскери әуе күштері Транзиттік тасымалдаулар орталығының КС-135 отын құю-ұшағы 3 мамыр күні көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай Қырғызстанның Шу облысы Панфилов ауданындағы шатқалды биік таулардың арасында апатқа ұшырады.
Экипаждың үш мүшесі АҚШ азаматтары болған. Құлаған ұшақ 60 тоннаға жуық авиакеросинді тасымалдау мақсатында сапарға шыққан.
Дереккөз: inform.kz