Атырау, 27 қараша 01:28
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Доссорда өртенген үй тұрғындарының бір бөлігі басқа баспанаға қоныстанды

855 просмотра

Естеріңізге сала кетсек, 16 маусымда Доссорда 100 жыл бұрын салынған 6 пәтерлік барак үй өртеніп кетті - тұрғындары баспанасыз қалып, оларды мектеп-интернатының жатақханасына орналастырған еді. Доссордың әкімдігі әр отбасыға өтемақы ретінде 690 мың теңгеден төлейміз деп уәде етті. Алайда тұрғындар қаражаттың бұл мөлшеріне көңілдері толмай, облыс әкімдігі ғимаратының алдында наразылық жиынын да өткізді.

Өрттен зардап шеккендердің бірі Лаура САТЫБАЛДИЕВА "АЖ"-ға өтемақының мөлшері 1 млн 725 теңгеге дейін көтерілгенін хабарлады:

- Бұл ақшаға өз басым Доссордан баспана сатып алдым. Тағы бір отбасы да солай жасады. Ал қалған 4 отбасы сол ақшаға өздерінің пәтерлерін қайта қалпына келтіріп, жөндеп алуды шешті. 

 Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет "АЖ" мұрағатынан

10 қазан 2023, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.