АСТАНА, 2 мам –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда патрульдік және жол полициясы 2013 жылғы қарашада біріктіріледі деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, өткен жылдан бастап Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы ІІД базасында және Тараз қаласында патрульдік және жол полициясы әскери бөліністерін біріктіру бойынша тәжірибе жүргізді.
«Естеріңізге сала кетейін, сәуір айында Тараз қаласында болып өткен ІІМ-нің көшпелі отырысы бірқатар мәселелер сапында аталған тәжірибенің нәтижелерін талқылады. Коллегияда тәжірибенің оң нәтижелер көрсеткендігі және бұл тәжірибені ел бойынша енгізу жоспары сөз болды», - деп атап өтті ресми өкіл.
Н. Ораздың айтуынша, «әмбебап полицей» қызметін құру күзеттің бір бағытында жасақтардың жарыса қызмет етуін жояды, көшеде және қоғамдық орындарда полицейлердің орналасу тығыздығын арттырады, олардың құқық бұзушылықтар жөнінде түскен дабылдарға ден қоюдағы ұтқырлық пен жеделдікті қамтамасыз етеді. Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, қылмыстарды жедел түрде ашу бойынша полиция жасақтарының жұмыс нәтижелілігі жақсарады, бұл өз кезегінде, қылмыстың азаюына оң ықпалын тигізеді.
«Бөліністерді біріктіру ісін аяқтау ағымдағы жылдың қарашасына жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ішкі істер органдарына жаңадан орналасып жатқан тұлғаларға арналған «әмбебап полицейлерді» үйрету бойынша оқу бағдарламасы әзірленді. ЖОО және ІІМ білім беру орталықтары базасында біріктіру көзделген полицияның әскери бөліністері қызметкерлеріне арналған қайта даярлау курстары ұйымдастырылды. Жол және патрульдік қызмет полицейлерінің жалпы саны 10 мың штаттық бірлікті құрайды. Қызметтерді біріктіруден кейін олардың штаттық санын қысқарту жоспарда жоқ», - деп түйіндеді ресми өкіл.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары