Атырау, 29 қыркүйек 00:35
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Тимур Бекмамбетов «Мир» кинотеатрының ғимаратын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Сіздің ескі фотосуреттеріңіз оған көмек болмақ

1 120 просмотра

Атыраудағы кездесулер мен іс-шаралар барысында режиссер бұрынғы «Мир» кинотеатрының ғимаратын қалпына келтіру ойы бар екенін айтты.

Әңгімені «Afisha Travel» туристік компаниясының атынан сіздің тілшіңіздің Жилгородокқа ұйымдастырған экскурсиясына атақты жерлесіміздің өзінің тығыз кестесінен уақыт тауып келгенінен бастайын. Меймандар, сондай-ақ олармен бірге жүрген әкімдік қызметкерлері ықшамауданның салыну тарихымен, оның кезіндегі даңқ-салтанатымен және бір кездері республикалық маңызы бар әсем сәулет ескерткішінің жойылуына қатысты егжей-тегжей мәліметтермен (жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына заңсыз бөлу, саябақты шауып тастау және т.б.) танысты. Қаладағы ең көне субұрқақ қалдықтарын «тамашалап», «дұрыс» күрделі жөндеуді күтіп тұрған Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайына барды.

Экскурсия барысында Тимур Бекмамбетов бұрынғы «Мир» кинотеатрының ғимаратын қалпына келтіру және онда мәдени орталық ашу жоспарлары туралы айтты. Ғимаратты бастапқы түріне келтіргісі келеді екен, бұл әсіресе интерьеріне қатысты. Жобаны жүзеге асыру мақсатында оның бұрынғы келбетін қалпына келтіру үшін кинотеатрдың ескі фотосуреттері керек.

- Егер кинотеатрдың, оның іші қандай болғаны түсірілген ескі суреттер бар болса, оны тегін немесе ақылы түрде сатып алуға дайынмын, - дейді Т.Бекмамбетов.

Оны қаланың кез келген тақырыптағы тарихи фотосуреттері де қызықтырып отыр: өнеркәсіп, балық шаруашылығы, мұнай саласы, қала көріністері...

Әр отбасында фотоальбом бар екенімен келісетін шығарсыз. Біз оларды өзіміз де сирек қараймыз, қонақтарға да сирек көрсетеміз. Ал бұл бекер! Өйткені, әр фотосуреттің өз тарихы бар. Сөйтіп, халыққа жүгінуге тура келді.

Құрметті жерлестер! Отбасылық мұрағатты қарап шығып, фотосуреттерді және ең бастысы оларға қатысты оқиғаларды g.leva@mail.ru электрондық поштасына жолдасаңыздар. Байланыс дерегіңізді көрсетуді ұмытпаңыз. Жолданған фотосуреттер кез келген мақсатта тек иесінің рұқсатымен пайдаланылады.

Айтпақшы, «Былина» этномәдени бірлестігі режиссерге өзінің тарихи бай фотомұрағатын ұсынуға дайын.

Лев ГУЗИКОВ 

28 қыркүйек 2023, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.