Атырау, 27 қараша 05:43
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің жыры жалғасып жатыр​

Сурет
1 098 просмотра

Қала әкімдігі «барлық заң талаптарын сақтай отырып» жұмысты жалғастыруды жоспарлады.

Еске сала кетсек, жаздың басында прокуратура тапсырыс беруші мен мердігер «Азамат Құрылыс» ЖШС арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуды талап еткен, өйткені жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу кезінде «Тарихи ескерткіштер және мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңы бұзылған. Оның үстіне, қадағалау органы тексеруді өз басылымында барлық заң бұзушылықтарды тайға таңба басқандай етіп екшеп берген "АЖ"-ның жазбаша өтінішінен кейін ғана қолға алды. Күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлағанда шенеуніктер неге екені белгісіз Мәдениет сарайының бірегей ғимараты республикалық маңызы бар сәулет және қала құрылысы ескерткіші мәртебесіне ие екенін ұмытып кеткен.

Біз әкімдікке редакция сауалын жолдап, елді елең еткізген күрделі жөндеудің алдағы тағдырын сұраған едік. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан ЕРМҰХАНОВТЫҢ қол қойған жауабына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт әлі бұзылмаған, өйткені мердігер аванстық төлемді толық қайтармаған – 134,9 млн теңгенің әзірге тек 74,9 млн теңгесі бюджетке кері түскен. Қайтару мерзімі 21 тамызда бітеді. Осыдан кейін қайтадан тендер жарияланып, құзырлы органдар уәде еткендей, «тиісті заңнаманың барлық талаптарын сақтай отырып, күрделі жөндеуді қайта бастау жоспарланып отыр».

Әкімдік жобалық-сметалық құжаттаманы түзетпейді, күрделі жөндеудің бастапқы құны да (449,7 млн. теңге) «осы кезеңінде» өзгермейді. Мәдениет сарайының ғимаратында лифт салу ойынан биліктегілер бас тартты.

«Күрделі жөндеу конкурстың қорытындысы жарияланған және жеңімпаз компаниямен келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде аяқталуы тиіс», - деп түйіндеді сөзін әкімнің орынбасары.

Әзірге Мәдениет сарайы келушілер үшін әлі жабық тұр. Құрылысшылар артына таудай қоқыс қалдырып, артқы подъезді бұзып үлгерген, біздің дереккөздің хабарлауынша, ғимараттың ішіне де қол тигізген. Мұның бәрін кім түзейтінін жақын арада анықтаймыз деп үміттенеміз.

Лев ГУЗИКОВ

Суреттерді түсірген автор

16 тамыз 2023, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.