Атырау, 27 қараша 03:16
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Төленбеген 20 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды

Бейнежазба
1 067 просмотра
Бейнежазбадан алынған скрин

26 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Грузия елінде тіркелген маркасы Hyundai автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген, деп хабарлайды Атырау облыстық ПД.

Полицейлер автокөлікті уақытылы тоқтатып, тексеру кезінде автокөліктің 330 мың теңгеден астам 20 айыппұлы бар екені анықталды. Қазіргі таңда автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Бұл ретте Атырау полицейлері жол ережесін мүлтіксіз сақтап, айыппұлдарды уақытылы төлеу керектігін ескертеді.


27 қыркүйек 2023, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.