Атырау, 27 қараша 05:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Енді «ақсақ» автобустар болмайды

Сурет
966 просмотра

Бүгін, 26 қыркүйекте 15 жаңа мектеп автобусының тұсауы кесілді. Тағы сегізі Атырау облысына қазан айында жеткізіледі.

Мектеп автобустарын сатып алуға облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді. Олардың әрқайсысы 36 орынға есептелген, ерекше балаларға арналған лифт, бейнебақылау камерасы, «стоп» түймесі, кондиционер және жылыту жүйесімен жабдықталған. Олар облыстағы 60 елді мекенде күніне 600-ге дейін оқушы тасымалдайтын болады.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жаңа автобустар облыстық отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылы мен жасөспірімдер үйіне, тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернатына, дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернатына, Береке ықшамауданындағы қалалық орта мектепке, Еркінқала, Талғайран орта мектептеріне, Қайырғали Смағұлов, Жамбыл Жабаев атындағы, Жылыой ауданы Құлсары қаласының №19 орта мектептеріне, Индер ауданы Елтай ауылдық округіндегі М.Сиранов атындағы орта мектепке, Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы мектеп-гимназияға, Қызылқоға ауданы Сағыз орта мектебіне, Құрманғазы ауданы Жыланды ауылының Д.Нұрпейісова атындағы орта мектепке, Мақат ауданы Доссор ауылындағы С.Шәріпов атындағы мектеп-интернатына және Махамбет ауданындағы Д.Төленов атындағы орта мектепке жөнелтіліп жатыр.

Жамбыл атындағы мектепке тиесілі ескі мектеп автобусы туралы жақында  жарық көрген «AЖ» жарияланымының аясында бұл жақсы жаңалық. Естеріңізге салсақ, балалар күн сайын бастарын қатерге тігіп, бір дөңгелегі жоқ мектеп автобусымен мектепке барып-келіп жүрген еді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Атырау облысы әкімдігі ұсынған суреттер

26 қыркүйек 2023, 22:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.