Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Мирамбек ШМАНОВ брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Салық кодексінің 128-бабына сәйкес, берешекті 1 қазанға дейін төлемеген жеке тұлғаларға «Жеке тұлғалардың салық берешегі» туралы хабарлама жолданатын болады. Салық төлеуші хабарламаны алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде, яғни, 1 айда өтеуі тиіс. Егер орындамаған жағдайда, 5 жұмыс күні ішінде «Жеке тұлғадан берешегін өндіріп алу» туралы салық бұйрығы шығарылады. Оған қоса мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жолданатын болады. Сәйкесінше, жеке сот орындаушылардың қызметі үшін берешек соманың көлеміне қарай 3-25% аралығында ақы төленеді. Ал сол бойда берешек соманы төлеп тастаса, онда жеке сот орындаушының ақысы төленбейді. Одан бөлек салықты уақытында төлемеген тұлғалар берешектер тізіміне енгізіледі, - деді М.Шманов.
Сондай-ақ, ол биыл 1 қазан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, салықты төлеу мерзімі 2 қазанға дейін ұзартылғанын атап өтті.
Қандай да бір сұрақтар туындаса, Мемлекеттік кірістер басқармасына келуге немесе 1414-3 Call центрге хабарласуға болады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған сурет