Атырау, 27 қараша 05:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құрылыс салуға жер телімдері дайын

991 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Қазіргі таңда ауыл тұрғындардың басты мәселесінің бірі - тұрғын үй салуға жер алу. Атап айтқанда, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан 225 жер теліміне инженерлік инфрақұрылым жүргізілді. Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат НЫҒМЕТОВТІҢ айтуынша, 225 жер телімі газ, су, электр желілерімен толық қамтылған. Бүгінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың құжаттары жиналып болып, жер телімдерін беру басталуда.

Айта кетейік, Сағыз ауылдық округінде 8211 тұрғын болса, бүгінде 850 азамат жер кезегінде тұр. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қыркүйек 2023, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.