Атырау, 27 қараша 05:20
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Антикор кәсіпкерлердің құқығын қорғады

782 просмотра

«Бизнеске жол» жобасы басталғаннан бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне кәсіпкерлік субъектілерінен 64 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 22 өтініш бойынша мәселелер оңынан шешіліп, 1 өтініш кері қайтарылды.

ҚР заңнамасына сәйкес 15 өтінішке жазбаша түсініктеме берілсе, қалған 26 өтініш қаралу үстінде. Бұл туралы аталған департаменттің басшысы Ерұлан СЕРІКҚАЛИЕВ (суретте - оң жақта) баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Кәсіпкерлер Атырау облыстық білім беру басқармасы мен қалалық білім бөлімі және «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының» жергілікті филиал қызметкерлері «Qazna Face» пилоттық жобасына қатысу бойынша қойылған негізсіз талаптарға қарсы шағымданған. «Qazna Face» дегеніміз биометриялық деректерді оқу арқылы мектепке дейінгі, орта, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында контингентке баруды автоматтандыруға арналған бағдарлама.

- Аталған мәселені қарау қорытындысы бойынша Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім басқармасымен кездесу ұйымдастырды. Соның нәтижесінде мәжбүрлеу талаптарын тоқтату және кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеу туралы ұсыныс тасталды, - деді Е.Серікқалиев.

Айта кетейік, «Бизнеске жол» жобасы аясында 5 мониторинг жүргізілген болатын. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласы бойынша – 2, білім беру мекемелеріне қоғамдық тамақтандыру мен қала алаңдары мен аллеяларында көше ойын-сауықтарын ұсыну саласында – 1, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын бөлу саласында - 1 мониторинг жұмыстары жүргізілген. Оның төртеуі шешіліп отыр. Жүргізілген мониторинг бойынша 23 ұсыным енгізіліп, оның ішінде 10 ұсыным орындалған. Осылайша сұйытылған мұнай газын сатуға квота беру саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг шеңберінде сұйытылған газды бөлу кезінде бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленген. Сондай-ақ, мониторинг шеңберінде газ жеткізу көлемінің және кірістердің азаюы салдарынан шығынға ұшыраған 27 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті жолдаған ӨКҚ

27 қыркүйек 2023, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.