Алаяқтықтың ерекше әдісін Атырау қаласының тұрғыны ойлап тапқан. Өңірлік ЖСО (жеке сот орындаушылар) палатасының бірінің басшысының жеке парақшасынан фотосурет скриндеп, оны профиліне қойып, өзін жоқ Абылай Әшірбеков деп атап, қарапайым халықтан ақша бопсалауға кіріскен.
Атырау ЖСО Өңірлік палатасының Facebook парақшасында жариялаған мәліметі бойынша, WhatsApp профиліндегі фотосуретте погон таққан жалған Абылай микроқаржы ұйымдары мен екінші деңгейлі банктерге бережақты өтеуді талап етеді. Ол адамдарды мәжбүрлеу шараларын қолданамыз деп қорқытқан.
Өкінішке орай, атыраулық ЖСО қанша адам зардап шеккенін, алаяқта борышкерлер тізімі болған ба, әлде кездейсоқ қоқан-лоққы жасаған ба, ол туралы хабарламайды. Бірақ ведомство жеке сот орындаушыларының өңірлік палата басшылары мен қызметкерлері ақша аударуды талап етпейтінін және телефон қоңыраулары мен SMS арқылы жеке мәліметтерді сұрамайтынын ескертеді. Егер осындай жағдай орын алса, сот орындаушылар атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (aisoip.adilet.gov.kz) дерекқорында атқару парағының бар-жоғы туралы ақпаратты тексеруге кеңес береді. Ал zhso.kz сайтынан барлық жеке сот орындаушыларының тізімін және өңірлік палаталардың байланыс деректерін таба аласыз.
Айтпақшы, бұл дерек бойынша өңірлік палата құзырлы органдарға хат жолдаған.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Әлеуметтік желіден алынған сурет