Атырау, 1 желтоқсан 23:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Серік Шәпкенов медицина туралы есеп берді

Сурет
1 136 просмотра

Бүгін, 26 қарашада ҚР Премьер-Министрі Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ төрағалығымен өткен үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін жақсарту туралы баяндама жасады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 18 медициналық-санитариялық көмек нысанын салу қарастырылған. Оның үшеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал қалған 15 нысанның құрылысы 2024 жылы басталады.

Жергілікті бюджет есебінен 19 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 12 нысанның құрылысы осы жыл соңына дейін аяқталады. Ал 5 нысанның құрылысы 2024 жылы басталады. «Өркен» және «Нұрсая» ықшамаудандарында республикалық бюджеттен жоспарланған күніне 250 науқас қабылдайтын 2 емхананың құрылысын жеделдету мақсатында жергілікті бюджеттен қаражат қарастырып, құрылыс жұмыстарын бастадық. Медициналық жабдық сатып алу үшін биыл жергілікті бюджеттен 4,7 млрд теңге бөлінді. Бұл медициналық жабдықтармен жарақтандыру деңгейін 93,5%-ға жеткізуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 406 арыз-шағым келіп түскен, оның ішінде 74 шағым негізді, 73 шағым ішінара негізді, 259 шағым негізсіз деп анықталды. Бұл кемшіліктерді жою және алдын алу мақсатында жұмыстар жүріп жатыр. Медициналық-санитариялық көмек қолжетімділігін жақсарту, медициналық көмек сапасын арттыру шаралары жалғасын табады. Бұл мәселені өз бақылауыма алдым,- деді С.Шәпкенов. 

Атырау облысы бойынша биыл жергілікті бюджет есебінен 39 медициналық жедел жәрдем көлігі сатып алынып, олар желтоқсан айында жеткізіледі. Өңірде 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша сақтандырылмаған азаматтар саны - 74 876 адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,6%-ға төмен.

Республикалық бюджеттен амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 2023 жылға 5,6 млрд теңге жоспарланып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 301 млн теңге бөлінді. Облыста жыл басында кадр тапшылығы 185 маманды құраған болса, бүгінде 102 маман жұмысқа қабылданды.

Медициналық ұйымдардағы арыз-шағымдарды болдырмау мақсатында тәулік бойы қоңырау қабылдайтын 1309 колл-орталық қызметі іске қосылды және ситуациялық орталық жұмысы жолға қойылды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

26 қыркүйек 2023, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.