Атырау, 9 желтоқсан 06:31
 ашықВ Атырау -6
$ 457.61
€ 493.07
₽ 4.99

Сәйгүлік сәттілік пен көлік сыйлады

889 просмотра
Сурет: ser-per.kz. 

Батыс Қазақстан облысына қарасты Шыңғырлау ауданының құрылғанына биыл 95 жыл. Осы мерейтойға орай облыста 23 қыркүйекте аламан бәйге өтті.

Шашасына шаң жұқтырмас сәйгүліктер 27 шақырымға шапты. Нәтижесінде, Құрманғазы ауданы, Орлы ауылының тұрғыны Хамит АЛТЫНБЕКТІҢ "Қарақұс" атты тұлпары бас жүлде – «LADA Granta» көлігін жеңіп алды. 

Ат жалын тартып мінген шабандоз Еркеш те, сәйгүлігін сүт беріп, сұлы беріп баптаған Мерей де ортақ жеңіске дән риза. Атбегілерге аттарыңыз сүрінбесін деп тілейміз!

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қыркүйек, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.