Атырау, 18 мамыр 09:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

WBO Global чемпионы Али Балоев баршаны белсенді демалыс кешіне шақырады

763 просмотра

29 қыркүйек, жұма күні кешке Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары WBO Global-дың жаңа чемпионы Али Балоевпен жеке танысып, спортшының ресми серіктесі - Parimatch ұйымдастырған керемет сыйлықтар ұтысына қатыса алады.

10 қыркүйекте қазақстандық боксшы Али Балоев ауыр салмақтағы WBO Global-дың беделді белбеуін жеңіп алып, Қазақстанның қоржынына тағы бір чемпиондық атақ әкелді. Әзірге белбеуді қорғауға уақыт бар, спортшы отандастарына жауапты жекпе-жекте қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіруге шешім қабылдады. Өзінің серіктесі Parimatch-пен бірлесе отырып, Балоев барша ниет білдірушілерді 29 қыркүйекте Алматы қаласында танысу кешіне шақырады.

Келушілерді чемпионмен қол алысып, қолтаңба алып, естелік ретінде суретке түсудің ерекше мүмкіндігі күтеді. Белсендік танытқысы келетіндер ойын аймағында өз күштерін сынай алады: корнхолл ойнау, күш өлшегіште жаңа рекордты орнатужәне кедергілерден өту.

Оған қоса, ұйымдастырушылар батыл қатысушыларға арнап, керемет сыйлықтар дайындады: қолтаңбасы бар бокс қолғаптары, көз жауын алатын мерч және Алимен жеке жаттығу. Шараға келіп қатыса алмайтындар үшін Parimatch одан да көп сыйлықтар ұтып алуға болатын онлайн ұтыс ойынын өткізетін болады. 29 қыркүйекте сағат 18:00-де Гагарин 238/5 мекенжайындағы «Lucky Cent Club» спорт клубына жарқын әсер алу үшін кездесуге келіңіз

26 қыркүйек 2023, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.