Атырау облысы Мақат ауданында азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын пысықтау бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Теориялық сабақтар, өрт болған жағдайда қабылданатын шараларды тәжірибелік пысықтау, оқытушылар мен оқушыларды эвакуациялау жүргізілді.
Оқу-жаттығудың екінші күні ерікті өрт сөндіру құралымдарын даярлау, ТЖ туындаған жағдайда науқастарды қауіпсіз жерге тасымалдау жөніндегі шаралар және ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерін залалсыздандыру жөніндегі дайындық пысықталды.
Кешенді оқу-жаттығуларға барлығы 22 мекеме, 242 адам, 30 бірлік техника жұмылдырылды.