Кездесу барысында цифрлық креативті индустрияны дамыту, сала мамандарын дайындау, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, қаладағы ескі ғимараттарды қайта жаңғырту мәселелері талқыланды.
Тимур БЕКМАМБЕТОВ креативті индустрияны дамыту үшін сала мамандарын даярлау жобасымен таныстырып, қаланың жайлылығын дамыту бойынша ұсыныстар берді.
Өз кезегінде Серік ШӘПКЕНОВ Голливудты бағындырған, туған жерін ұмытпаған атыраулық кинорежиссерге ілтипат білдіре отырып, облыстың мәдениет саласын дамытуға бағытталған барлық бастамаларына қажетті қолдау көрсететінін атап өтті. Ол осыған жауапты ретінде орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВТІ бекітті.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ ұсынған суреттер