Атырау, 15 сәуір 19:12
 ашықВ Атырау +9
$ 518.21
€ 590.09
₽ 6.30

Марафон-2023 жүйріктері

763 просмотра
Сурет: Atyrau Marathon
Өткен сенбіде қалада Atyrau Marathon VI жүгіру марафоны өтті. 

42 шақырымға жүгіруден абсолютті есепте Данияр ОРМАНҒАЛИ (уақыты 2:39:33) алтын жүлдеге ие болды, күміс Аман НҰРКЕЛДІГЕ (2:40:12) бұйырды, ал қоланы Жарас АЙТУАЙРОВ (2:45:56) жеңіп алды.

Әйелдер арасында 42 шақырымға жүгіру жарысынан абсолютті есепте Дарья НЕДЕЛЬКИНА (уақыты 3:11:20) жеңіске жетсе, күмісті Жанна КОРОТОВСКАЯ (3:20:26) иеленді, үшінші орын Жұлдыз АХМЕТОВАҒА (3:48:50) бұйырды.

Жүгіруден жарысқа 16 жастан жоғары шамамен 1 400 спортшы тіркелді. Қатысушылар 5, 10, 21 және 42 шақырым қашықтыққа жүгіруден бақ сынасты. Марафонның жалпы жүлде қоры 6 млн теңгені құрады. 

Жомарт АМИРХАНОВ

25 қыркүйек 2023, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16