Атырау, 11 қараша 15:11
 дождьВ Атырау +4.4
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

Атырау облысындағы сайлауға 435,6 млн теңге бюджет қаражаты жұмсалады

1 438 рет қаралды
freepik.com

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу үшін 2023-2024 жылдары 435 601 000 теңге жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің аппараты. 

2023-2025  жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жобалары «Ашық бюджет» порталында жарияланды. Құжаттарға сәйкес, 2023-2024 жылдары ауыл округтары басшыларының 14 сайлауы өтеді (көрсетілген жылдың әрқайсысында 7 сайлау). Оған сәйкесінше 267 353 000 және 168 248 000 теңге жұмсау жоспарланып отыр. Айта кету керек, 2021-2022 жылдары 11 ауыл округінің басшысын сайлауға одан аз жұмсалып еді - 126 145 000 теңге. 

Сайлау шараларына қаражат жергілікті бюджет есебінен бөлінеді. 

Жомарт АМИРХАНОВ

25 қыркүйек 2023, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.