24 қыркүйекте футболдан ел чемпионатының 23-турында "Атырау" ФК сырт алаңда көкшетаулық "Оқжетпеспен" ойнады.
Ойын нәтижесі - 0:0 болды. Ойын барысында алаң иелері допты жәй теуіп, ал қонақтар оларды ренжітпейін деген ниетте бар күшін салмай жүргендей көрініс орын алды.
Расында "Оқжетпестің" ойыншыларына еңбекақы төленбегені анықталды. Олар ойын басталар алдында бір күн бұрын ойынға шықпаймыз деген сыңай танытқан. Бірақ шықты...
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ