Ла Лигада екі үздік қарсыластың матчы: «Реал» мен «Атлетико» бетпе-бет кездесуге қандай дайындықпен келеді?
«Атлетико»
Диего Симеоненің командасы өткен маусымдағы еурокубок компаниясында сәтсіздікке ұшырады, бірақ Ла Лигада есін жиып, тіпті «Реалды» екінші қатардан шығарып тастады. Жазда «Атлетико» Сауд Арабиясына кетіп қалған Яник Карраскодан айырылды, ал қалғандарын ауыз толтырып айтатын шығын деп айтуға келмес. Командаға келген ойыншылар елеулі болды: Сезар Аспиликуета «Челсиден» кетіп, отанына оралды, ал Чаглар Сеунджю қорғанысты нығайтты: түрік жігіт «Лестерде» біраз уақыт қоныстанып, ашық айтатын болсақ, деградацияға ұшырай бастады. Команданың өзі маусымды мықты бастады, бірақ «Валенсиядан» 0:3 есебімен жеңілген соң бұл әсер жойылды.
«Реал Мадрид»
Ал кілегейлі мадридтіктер болса, көзді тойдырып, тамсандырып отыр. Мүмкін біреулер ұмытып кеткен шығар, бірақ маусымның басында «Реалдың» басты жағдайларының бірі жарақат эпидемиясы болған: Куртуа, Милито, Винисиус. Бұл ойыншылар шығындарының мәселесі шешілмесе де, бәрінің орнын Джуд Беллингем толықтыратын сияқты көрінеді. Ағылшын спортшысы Мадридті чемпионатта құтқарған болатын, ал жақын арада Чемпиондар лигасында «Унионмен» өткізген шайқаста «Реалға» үш ұпай әкелді. Жалпы, әзірге бәрі ойдағыдай: Ла Лигадағы 5 матч және 5 жеңіс.
Болжам
«Реалдың» бұл кездесуде тежеліп қалуы екіталай, бірақ» Атлетико «екінші рет «Валенсиямен» орын алған жағдайдың қайталануына жол бермеуіне барын салып жұмыс істейтіні анық. Parimatch сарапшылары командалардың мүмкіндіктерін тең деп бағалайды: «Реалға» 2.60 коэффицентін ұсынса, «Атлетикоға» 2.85 беріп отыр.
Сарапшылармен келісесіз бе, әлде өз болжамыңызды жасағыңыз келе ме? Parimatch-пен бірге ұтыс тігіп, шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін 150 000 теңгеге дейін бонус алыңыз!