Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«2023 жылғы 21 қыркүйекте ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым ШӘРІПХАНОВ Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВКЕ, ТЖ департаментінің жеке құрамына және азаматық қорғау органдарының ардагерлеріне жаңа тағайындалған бастығы полковник Нұрлан ЖАҢАБАЕВТЫ таныстырды» делінген хабарламада.
Нұрлан Жаңабаев 1984 жылы 11 желтоқсанда Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген.
2006 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 2006 жылы инженер лауазымынан бастаған.