Атырау, 27 қараша 07:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құлсарыдағы жаппай төбелеске байланысты Жылыой ауданы полициясы мәлімдеме жасады

Бейнежазба
967 просмотра

Жылыой ауданының бас полицейі Ринат Икласов қоғамдық тәртіптің маңызын мәлімдеді.

«Жылыой ауданы Құлсары қаласында орын алған құқық бұзушылықтарға байланысты қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция тарапынан тиісті іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Жергілікті атқарушы органдар, ата-аналар мен оқушыларға үздіксіз түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде қандай да бір ақпараттар таралған жағдайда ресми дереккөздерге сүйену керектігін ескертеміз.

14-17 қыркүйек аралығында Жылыой ауданында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде», - деп хабарлады Р. Икласов бейнеүндеуінде

Еске салсақ, 5 қыркүйекте Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жанында топтық төбелес болған еді.

Полиция департаментінің мәліметінше, барлық қатысушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Бұл оқиға бойынша тергеу басталды.

16 қыркүйек 2023, 02:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.