Атырау, 27 қараша 07:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Дамба». «Доссор». Маңғыстаудағы Ыбықты-сай шатқалын вандалдар бүлдіріп жатыр

1 291 просмотра

Маңғыстаудағы Ыбықты-сай шатқалында «Дамба», «Доссор» деген жазулар пайда болды. Соған қарағанда, атыраулық «туристер» бірегей шатқалда ізін қалдырғанға ұқсайды. 

Маңғыстаудағы Ыбықты-сай шатқалындағы вандализм актісі туралы сенсациялық оқиға қайтадан орын алды, деп хабарлайды "Лада" басылымы ZTB Telegram арнасына сілтеме жасап.

Маңғыстаулық жолнұсқаушы Нұрсұлтан Чабиков табиғи көрікті жерден тағы бір видео түсірді. Шатқалда бұрағыш пен балғамен жазу қалдырған шенеуніктің оқиғасы өзге адамдарға сабақ болмай, сол жерде тағы басқа жазулар пайда болғаны анықталды.

«Мен тіпті нашарлады деп айтар едім. Жақында Үндістаннан келген туристпен шатқалға бардым. Ол біздің адамдардың "жартасқа салған суретін" көріп, таң қалды. Оның үстіне барлық жерде қоқыс шашылып жатыр. Өкінішке орай, халқымыз ерекше табиғатымызды бағаламайды, қадірлемейді», – дейді Нұрсұлтан.

Ол Ыбықты сайды ерекше және әдемі шатқал дейді. Жергілікті тұрғындар бұл жартастарды «үлдірлі» және «шілтерлі» жер деп атайды.

«Мұндай әдемі және ерекше көрікті жерді қорғау керек. Облыс әкімдігі ол жерге күзет орнатып, тәртіпті бақыласа, қоқыс жиналып тұрса дейміз. Мұндай жерді бақылап отыру қажет! Өкінішке орай, әзірге біздің өтінішімізге құлақ асып жатқан жан жоқ. А шатқалдың күйі мынау. Ыбықты сай – біздің табиғи мұрамыз. Біз оны келешек ұрпақ үшін күтіп, сақтауымыз керек», – дейді Маңғыстаудың тумасы.

Ыбықты сай – Қазақстандағы ең көне табиғат ескерткіштерінің бірі. Каньон миллиондаған жыл бұрын пайда болған.

15 қыркүйек 2023, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.