Атырау, 27 қараша 07:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ұйым құрсаң, әрекет ет!

Сурет
547 просмотра

Атырауда «Әлеуметтік серіктестік құралдары өңірдің қарқынды дамуының негізі» атты кезекті ХІ азаматтық форумы өтті. Жиынға облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Перизат СӘДУАҚАС, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі азаматтық форум - қоғам мен мемлекет диалогын дамытудың негізгі алаңы екенін айтты.

Үкімет пен халықтың арасында алтын көпір саналған әріптестердің басын қосқан азаматтық форумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – Азаматтық қоғам мен мемлекет диалогын дамытудың негізгі алаңы. Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық бастамашылдықты дамыту үшін мемлекеттің жан-жақты қолдауы қажет. Біздің облыс бойынша да бюджеттен нақты қаржы бөлініп, іс жүзінде қоғамымыздың маңызы бар барлық саласын қамтуда. Осындай бірлескен жұмыстың арқасында өңірдегі әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бағытталған көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі бас қосуымыз үкіметтік емес секторға тың серпін беріп, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына жол ашуға тиіс деп ойлаймын, - деді С.Шәпкенов.

Азаматтық форумда өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген үкіметтік емес ұйым өкілдері облыс әкімінің және Қазақстанның Азаматтық Альянсының Алғыс хатымен марапатталды.

Форум өңірде үкіметтік емес ұйымдармен қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде әріптестіктік қатынасты жетілдіру мақсатында өтті. Сондай-ақ қатысушылар панельдік сессияларда спикерлердің тақырыбы бойынша ұсыныс, пікір қалдыру үшін экранға QR код қойылды.

Анықтама үшін: Атырау облысында 752 ҮЕҰ тіркелген, оның 624-і  Атырау қаласында, 128-і аудандарда. Оның ішінде бәрі бірдей белсенді емес, тек қағаз жүзінде есепте бар. Жергілікті биліктің пайымдауынша белсенділік танытып, мақсатын айқын орындап жүрген ҮЕҰ-дар саны - 190. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді ӨКҚ жолдады

16 қыркүйек 2023, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.