Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты ҚР ӘКҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары жергілікті атқарушы органнан еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алмастан Махамбет ауданында құрылыста, шаруа қожалығында, көлік жөндеу орталығында, асханаларда жұмыс жасаған.
Сот Өзбекстан Республикасының азаматтарын кінәлі деп танып, әрқайсысына 86 250 теңгеден әкімшілік айыппұл салды.
Сот қаулылары заңды күшіне енді.