Фото: freepik.com
Өңірімізде 2 наурыз бен 12 қыркүйек аралығында қызылша ауруымен ауырған 277 жағдай тіркелді, олардың көбі Атырау қаласында тіркелген. Бұл туралы брифингте санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия БЕКЕШЕВА хабарлады.
№2 облыстық аурухананың директоры Надя ЕРҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, олардың арасында шетел азаматтары да бар - 3 Түркия елінің, 2 Тәжікстанның және 1 БАЭ азаматы.
Ал №7 қалалық емхананың директоры Гүлнафис ТАҢБАЕВА осының адында қызылша ауруы Атырау облысында 2019 жылы (774 адам) кең тарады деп хабарлады. Содан кейінгі үш жылда ондай науқас тіркелмеген. Енді міне, тағы пайда болды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА