Атырау, 27 қараша 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Көгерген Жайықтан зиянды қоспалар анықталмады

1 005 просмотра

Әлеуметтік желіден алынған сурет

Естеріңізге салсақ, 17 тамызда Жайық өзені жағалауындағы судың жасыл түске боялғаны байқалды.  Атырау облыстық экология департаментінің мамандары сараптама жасау үшін су сынамасын алды.

Сонымен сараптама не көрсетті?

«Тамыз айында Жайық өзенінің бес бақылау нүктесінен, атап қайтқанда Амангелді, Дамбы ауылдары, ФОК жағажайы, университет маңы, «Атырау СуАрнасы» КМК қарасты су тазарту қондырғысы аумағындағы су ағызу орындары аумақтарынан бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, вирусологиялық көрсеткіштерге зертханалық су сынамалары алынды. Жүргізілген мониторингі нәтижесінде аталған көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін тұстары анықталған жоқ», - делінген Экология департаментінің жауабында.

Жалпы өзенде зиянды қоспалардың анықталмағаны жақсы. Дегенмен, өзен суы неліктен кейде көгереді деген сұрақ ашық қалып отыр. Бәрін білгіш Google бұл тайыздануға, су ағынының азаюына және су мен ауа температурасының жоғары болуына байланысты жиі болады деп болжам жасайды. Қорытындылай келе, бұл факторлардың барлығы балдырдың белсенді көбеюіне ықпал етеді, демек, судың түсі осындай деп болжауға болады.

Ләяззат ҚАРАЖАНОВА     

11 қыркүйек 2023, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.