Атырау, 27 қараша 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құмда қалған ауылдар тағдыры

Бейнежазба
649 просмотра

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылын құм басу қаупі төніп тұр. Ұзақ жылға жалғасқан құрғақшылық салдарынан үдере көшкен шағыл, мектепті қоршап алған. Жалпы Қызылқоға ауданында 6 елді мекен осындай мәселеге тап болған, деп хабарлайды 24.kz

Жұмыс көлемі ауқымды болғандықтан биыл облыстық табиғи ресурстарды қорғау және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы кешенді жоба дайындаған. Облыс бойынша 12 ауылда құм тоқтатылып, 40 гектар жерге сексеуіл егілген. Бір кезде шұрайлы жайылыс болған шағылдар енді ауыл үшін үлкен қауіпке айналып барады. Себебі көп жылдан бері қайталанып келе жатқан құрғақшылық өскін атаулыны солдырып, сусыған шағыл ентелеп, ауыл шетіне еніп келеді. Қарабау ауылының байырғы тұрғындары шағыл шетінде ауыз су құдықтары болғанын айтады. Қазір жым-жылас жоғалған. 

Нұралы Өміров, Қарабау ауылының тұрғыны: 

- Мал да, жан да осы жерден ішетін еді. Енді құм басқалы құдығымыз қай жерде қалды. Мал да жүре алмайды, керім тау-тау шағыл болып кетті. Жел көтерілсе, тіпті жаман болады, көз көрместей кәдімгі боранның бір түрі. Бірақ құрғақ боран. Соңғы 10-15 жылда шағылдың кәдімгідей жылжығаны байқалады. Бұрын осы мектептің қасы толған үй болатын. Қазір құмнан қашқан тұрғындардың барлығы үйлерін қатқылдан салып алған. Енді ауыл шетінде тек мектеп қалып тұр. Құмнан қорғану жұмыстары жылда жүргенімен, мардымсыз. Алты ай жаз толассыз соғатын құм дауылымен күресуге ауыл тұрмақ, аудан әкімдігінің қауқары жетпейді. 2015 жылы Қарабау ауылында «өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында 1,5 млн теңге қаражатқа шағылды жиектеп қорған тұрғызылған еді.

Нұргүл Қалиева, Облыстық табиғи ресурстарды қорғау және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Сағыз, Бүйрек, Қарабау, Қаракөл елдімекендерінен ұсыныс түсті, ауданнан – Жергілікті бюджеттен қаражы сұратып, қазіргі уақытта ол жерлердің координаттары анықталып, жерге орналастыру жобасы жасақталды. Барлығы 32,4 гектарға жұмыс істелді. Атырау облысы бойынша 4 ауданда 30-ға тарта ауыл құм шағылдың құрсауында қалып отыр. Осыған орай былтыр облыстық бюджеттен 367 млн теңге қаражат қаралған болатын. 

Бүгінде Исатай, Құрманғазы аудандарында 40 гектар аумаққа сексеуіл егілді. Жоба нәтиже берсе, қалған ауылдарға да жасыл белдеу тартылатын болады.


7 қыркүйек 2023, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.