Атырау, 18 желтоқсан 21:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Батыстың «қамқорлы қолтығынан» дидактикалық диверсияның иісі мүңкиді. Лесбилердің ісін заңмен жазалау жағын қарастыру керек! Министрлердің блогтары шағым жәшігіне ұқсайды.

2 069 просмотра

MASA.KZ. «Батыстың «қамқорлы қолтығынан» дидактикалық диверсияның иісі мүңкиді» - Білім мен тәрбие егіз ұғым. Тәрбиесіз берген білім де, ғылым да қауіпті, өте қауіпті. Олай болса, біздің осы битімізді салып, ынтық боп, білім саласына тықпалап жүргеніміз қай стандарт?

AZATTYQ.ORG. «Министрлердің блогтары шағым жәшігіне ұқсайды» -  Мемлекеттік орган басшыларының блогтары шағым жәшіктеріне ұқсап кеткенін оларды қадағалайтын қызметкерлер де мойындайды. Шағым иелеріне жауап кеш беріледі, немесе мүлде жауапсыз қалады.

MASSAGET.KZ. «Интернеттегі ең қауіпті кәсіптер» - Америкада жүйкеге тиетін жұмыс деп өрт сөндіруші мен полиция қызметін атайды, ал әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың ішіне – көп қабатты үйдің терезесін жуу мен теңізде балық аулау кіреді. Өз кезегінде ең сәнді кәсіп ретінде «бір сағаттық еркек» саналады-мыс. Ал ерекше қауіп бәріміз сүйетін интернетте жатыр екен. Қандай қауіп?

«Киссинджердің жеңгетайлыққа жүруі» - Киссинджер – әлемге әйгілі келіссөз маманы. Бірде ол өзінің жеңімпаздығын сынау үшін бір кедей диқанды арнайы іздеп барып: «Мен сізге бір тамаша келін тауып қойдым» дейді.

EGEMEN.KZ. «Азаматтарды жұмысқа алу барысында кемсіту фактілерінің жолын кесу қажет» - «Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрбір қазақстандықтың еңбек етуге құқығы бар. Еңбек кодексі бойынша ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына және кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсітуге болмайды».

«Еңбекақыдағы сәйкессіздікті жою керек» - Әдепсіз жарияланымдарға тосқауыл қойылады» - Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен өткен палатаның кезекті пленарлық отырысында порнографиялық басылымдар айналымының жолын кесу, құқық қорғау органдарына жұмысқа тұрушыларды полиграфологиялық зерттеуден өткізу, сондай-ақ төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері қамтылған заң жобалары талқыға салынды.

NAMYS.KZ. «Ілияс Артур. Үндеу хат. Лесбилердің ісін заңмен жазалау жағын қарастыру керек!» - "Қарағандыда орын алған лесбилердің тойын жәй ғана жауып тастауға болмайды! Бұл бізді, біздің мемлекетімізді басыну: “Біз осындаймыз, қайсыңның тосқауыл болуға дәтің барады” деген ұранмен көшеде ашықтан ашық еркін жүр. Сонда тәртіпті қадағалаушы органдар қайда қалды? Сайқалдардың думанына Қарағанды қаласының тұрғындары көз жұмып қарағаны ма?".

MINBER.KZ. «Билік қашан қазақ тілінде сөйлейді?» - Еліміздің саяси,  экономикалық, әлеуметтік және рухани тірлігіндегі аса күрделі мәселердің бірі тілдік ахуал екені екінің біріне түсінікті жағдай.

AIKYN.KZ. «Шведованың «шабысы» ширақ» - Теннисшілердің әлемдік рейтингі үнемі өзгеріп тұрады. Өйткені төрткүл дүниенің әр қиырында халықаралық турнирлер үздіксіз ұйымдастырылады. Байрақты бәсекелерде табысты өнер көрсеткен өрендер материалдық тұрғыда мол олжаға кенелумен қатар, рейтингтегі жағдайларын да жақсартады. Сондықтан да олар түрлі жарыстарға жиі қатысуға мүдделі.

2 мамыр 2013, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.