2023 жылдың 1 қыркүйегінде Атырау облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Жайықтың төменгі арнасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бақылау жүргізу барысында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» жүмысшыларын Қашаған кен орнына вахталық ауысымға әуе кемесі арқылы уәкілетті органдардың тиісті рұқсатынсыз тасымалдап жатқанын анықтады.
Тасымалдауды «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» қазақстандық филиалының тапсырысы бойынша «Circle Maritime Invest» ЖШС ұйымдастырған.
Осы қызмет түріне қоршаған ортаға әсер ету рұқсаты берілмеген, заңнамада көзделген уәкілетті органдардың рұқсаты алынбаған.
Еске салсақ, бұған дейін облыс жұртшылығы Солтүстік Каспий мұнай төгіндісіне экологиялық әрекет ету базасының аумағында жолаушылар терминалын салуға үзілді-кесілді қарсы болған еді.
Жомарт ӘМІРХАНОВ