24.KZ. «Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтарға жұмыс табу қиын» - Бүгін Үкімет отырысында еліміздің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтарға жұмыс табу қиындығын, қазір 55 жастан асқандардың 6,3 пайызы ғана жұмыс істеп жүргендігін мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдық өндіріс орындарында жұмыс істейтін жұмысшылардың азаюына азаматтардың жасының ұлғаюы себеп. Сондықтан аталған ведомоство 50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамту үшін кешенді жоспарды жүзеге асырмақ.
INFORM.KZ. "Ресейлік продюсерлерді қазақтардың соғыс тактикасы қызықтырды - «Қасым» фильмінің атқарушы продюсері Ә.Баймұхамедова" - «Негізі, Қасым Қайсеновтың тұлғасы әлі күнге дейін құпия ғой. Оның соғыс мәнері мен тактикасын көбісі білмейді. Ресейлік продюсерлер Украинада болып, жергілікті халықтың естеліктерін де жазып алған көрінеді. Ол жақта Қасым ағаны әлі күнге дейін «партизан Вася» деп біледі. "Біз неміс пен славян халықтарының соғыс тактикасын жақсы білеміз. Ол туралы талай фильмдер де түсірілген. Ал азиялықтардың соғыс кезіндегі психологиясы жайында көп біле бермейміз", дейді көрші елдің продюсерлері. Ендеше, «Қасым» фильмі сонысымен де қызық. Себебі Қасым Қайсенов өз тактикасымен жау бетін қайтара білген», - деген пікір білдірді Ә.Баймұхамедова.
HALYKSOZI.KZ. "Мо Яньді оқыдыңыз ба?" - «Мо Яньды оқыдыңыз ба?» деген сұрақ, миллиардтаған қытай мен орыстан кейін бізге де жетті. Алайда қазаққа Мо Янь деген ат таныс болғанымен, заты таныс емес. Былтыр, 2012 жылы Нобель сыйлығын алған осы қытай жазушысы туралы білетін мәліметіміз, мағлұматымыз аздау. Жоқтың орнын Қытайдағы қандас қаламгерлеріміз қазақшалаған аударма толтырса керек еді, бірақ ол жақтан кітап алып таратудың реті жоқ. Қазақстанға төте жазуыңыз аса көп таныс та емес. Қытайдағы әдебиет жайынан хабардар жазушы Серік Нұғыман мен баспа маманы Сержан Сәрсенбайға қолқа салдық. Сұхбат «Мәдениет» телеарнасында түсіріліп, газеттік нұсқасы «Халық сөзіне» ұсынылды.
JASQAZAQ.KZ. "Үздік маманға - жоғары жалақы" - Үкімет сағатына келген Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан ресейлік мұнай өнімдеріне шектеу қоятынын ресми мәлімдеді. Министрдің айтуынша, терістіктегі «көршімізбен» осындай келісім жасалыпты. Бұл – жағымды жаңалық. Ал жағымсызы – жоғары сапалы жанар-жағармайды өзіміз 3-4 жылдан кейін ғана өндіре бастаймыз.
ZHASALASH.KZ. “Қымбатшылық – халыққа жасалған қиянат” - Коммуналдық қызмет бағасының қымбаттауына, әйелдердiң зейнетке шығу жасын көтеруге тағы басқа да қоғамда шешiмiн таппай тұрған ондаған мәселеге байланысты үкiметтiң бастамасына қарсы наразылық жиыны өттi. Қалалық әкiмдiктiң рұқсатымен, «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы алаңқайда өткен жиында коммуналдық шаруашылық қызметiнiң сапасына қадау-қадау сын айтылып, қазақстандық миллиондаған отбасылардың қазiргi әлеуметтiк тұрмысының нашарлауы сөз болды. Митингiге қатысушылар билiктен табиғи монополистердiң баға саясатын қатаң бақылауға алуды, халықтың мүддесiне кереғар саяси әрекеттерге тыйым салуды талап еттi.
"Ауғанстан факторы Қазақстанды айналып өтпейдi" - Өткен аптада Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстаннан төнетiн қауiп-қатер туралы екi мәрте сөз қозғады. Алдымен бейсенбi күнi Астанада өткен IХ Еуразиялық медиа-форумда сарапшылар мен журналистердi ауған мәселесiн көпiртiп, тым ушықтыра бермеуге шақырды. Ал келесi күнi Алматыда өткен Ауғанстан бойынша Стамбұл процесiне қатысушы елдердiң сыртқы iстер министрлерiнiң үшiншi конференциясында Ауғанстан аумағының басым бөлiгi ауған үкiметiнiң қолына көшкенiн айтты.
AIKAP.KZ. "Өзгеден үлгі" - Израиль мемлекеті құрыла бастағанда, халықтың түгелге жуығы мемлекеттік тілді білмеген. Иврит тілі 2000 жыл бұрын жойылып кеткен тілге саналып, халық ивриттің неміс диалектісімен араласқан Идиш тілінде және басқа да Еуропа тілдерінде сөйлеген. Дегенмен нақты қадамдар жасай отырып Израиль мемлекеті тарихта бұрын-соңды болмаған феноменальды нәтижеге ие болды.
AZATTYQ.ORG. "Грузияның Ресейге қатысты саясаты өзгере бастады" - Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили «Ресеймен арадағы шиеленісті шешу – үлкен арманым» деді. Бірақ осы «арманы» үшін ол ел президенті Михаил Саакашвилимен сөз таластырып қалды. Иванишвилидің өткен аптада (23 сәуір) Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясында айтқан сөзі – «Грузия сепаратист аймақтар Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қатысты көп қателік жіберді» деген пікірі Саакашвилиге ұнамады.
ABAI.KZ. "Байбектің тайраңы мен балдырғандардың былдыры" - Бауыржан Байбек бір күндік сапармен Талдықорғанда болып қайтты. Алғашында республикалық БАҚ-ның Алматы облысындағы меншікті тілшілері түгелімен шақырылған еді, тура келер алдында Астанадан нұсқау түсті ме, сұрақ қойып, мәселе көтереді-ау деген журналистер тізімнен сызылып қалып, үндеместер мен сыпыра мақтауға төселгендер ғана Бауыржан Байбекпен жолығу «бақытына» ие болды.
MASA.KZ. "Бүгінгі Моңғолия жаңалығы: Премьер министрдің жоғалуы" - Он сегіз жылдан соң Моңғолия еліне баруға жол түсті. Сол кезгі Моңғолия мен қазіргі келбеті мүлде өзгеше. Өзгерістер, адамдардың санасындағы жаңаша ұғымдар, ескі мен жаңаның арасындағы қайшылықтар, қайыршы мен байлар, ұлттық мүдде мен жаһанданудағы теке-тірестер... бәрі-бәрі ескілігін білетін адамға тосын көрінеді екен. Әуелгі діні Тәңірлік болғаннан болар, тау-тас, орман, жылғаларында ақтық байланбаған, адамдар табынбаған жер аз қалыпты.
ULT.KZ. "Қазақстан аумағының 70 пайызын шөл басып барады" - Министрлiктiң мәлiметiнше, келешекте Шөл басумен күрес ұлттық орталығын құру жоспарлануда. Орталық халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдарды, жергiлiктi қауымдастық пен бизнес өкiлдерiн ортақ жобаларға тарту көзделген.
SERKE.ORG. "Әбілязов Қазақстанға Ресей арқылы қысым жасайды" - БТА банктің ақшасын жымқырып, шетелге қашып кеткен Мұхтар Әбілязов бұдан былайғы өзінің Қазақстанға қарсы әрекеттерін Ресейдің қолдауымен жасайды. Ресми Астана мен Мәскеу арасында соңғы кездері қалыптасқан саяси салқындықты ол барынша пайдаланып қалмақшы. Ортақ мүдделі осы әрекетті жүзеге асыру үшін М.Әбілязов өзінің қарамағындағы ақпарат құралдарының бір бөлігін басқаруды Путин режимін жан-тәнімен қолдаушы ресейлік олигарх Владимир Потанинге берді. Егер осыдан 13 жыл бұрынғы оқиғаны еске алсақ, Мұхтар Әбілязовтың қазіргі пиғылы да жүзеге аса қоймайды.
31.KZ. "С.Әбденов адал қызметкер ме, әлде жұмсалған адам ба?" - Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында туған Серік Әбденов былтыр министр болып тағайындалған күні "зейнет жасын ұлғайтуға қарсымын!" деген еді. Бірақ, Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың 63 жас туралы ұсынысын тапсырма ретінде түсінген министр енді өз пікіріне өзі қайшы болып отыр. Бұның соңы Қарқаралы жәрмеңкесінде тапсырма орындаймын деп, соққыға жығылған Біржандай, жұмыртқадан таяқ жеумен аяқталды.