Атырау, 29 қыркүйек 14:38
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанға келгендер саны елден кеткендерден екі есе көп

623 просмотра

Биыл қаңтар-маусым айларында елімізге 13,7 мың адам келген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 87,3% көп. Бұл ретте елден 7 мың адам кеткен. Ал бұл 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 43,3% аз. Кеткендер саны келгендер санынан 2 есеге артты.

Айта кету керек, кеткен азаматтардың саны тұрақты түрде азайып келеді, ал келгендер саны 2021 жылдан бастап өсіп жатыр. Елді мекен түрлері бойынша қаладан кеткендер саны - 5,5 мың адам (минус 45,4%), ауылдардан кеткендер - 1,5 мың адам (минус 33,5%). Бұл туралы Ranking.kz жазды.

Қалаларға келгендердің саны 10,1 мың адамға (бір жыл бұрынғыдан 2,3 есеге), ауылдарға 3,5 мың адамға (плюс 23%) жетті. Көп жыл бойы бірінші рет көші-қон сальдосы екінші тоқсан қатарынан оң болды: плюс 6,7 мың адам.

Өңірлік тұрғыда кеткендердің басым бөлігі Қостанай облысында болды: 1,1 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 25,7% аз. Екінші және үшінші қатарда Қарағанды (820 адам, жыл бойынша минус 50%) және Павлодар (645 адам, минус 56,7%) облыстары тұрды. Барлық кеткендердің ең азы Қызылорда облысында: 31 адам, плюс 40,9%.

Келушілер саны бойынша Алматы көш бастады: алты айда оңтүстік астанаға 3 мың адам қоныстанды. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 2,3 есе көп.

Үздік үштікке Маңғыстау (2,2 мың адам, жылына плюс 23,8%) және Алматы (1,1 мың адам, плюс 15,3%) облыстары кірді. Ең аз келгендер сол Қызылорда облысында болды: бір жыл бұрынғы 8 адамға қарсы 13 адам ғана.

24 тамыз 2023, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.