Атырау, 8 қазан 04:29
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

"Қадырбаев пен Тажаяков - күдіктілер емес" дейді адвокат Стал. "Үкіметтің қолына қараған ұйымдар". "Еуразиялық экономикалық одақ Еуропалық Одақтың қателіктерін қайталамауға тырысады".

2 405 просмотра

BNEWS.KZ. "Еуразиялық экономикалық одақ Еуропалық Одақтың қателіктерін қайталамауға тырысады" - Еуропалық Одақтың кемшіліктерін қайталамау үшін не істеу қажет? Бұл сұрақ қойылғанда сессия спикерінің бірі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов алдымен модератордың өтініші бойынша Кеден Одағының бүгінгі жетістіктері туралы сөз қозғады. Вице-премьердің сөзіне қарағанда, Қазақстан, Ресей мен Беларус арасындағы Кеден Одағы құрылғалы бері, елімізге үшінші елдерден құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 30-40 пайызға артқан.

HALYKSOZI.KZ. "Бұл не басыну?" - Президент айтып отырған Германияда орташа жалақы 2800 еуро, АҚШ-та 4100 доллар, ал Польшада 1700 доллар. Ал біздің арайлы Астанамызда 141 мың теңге (940 доллар) дейді ресми мәліметтер. Яғни, берлиндіктердің немесе прагалықтардың ептеп-септеп үй алуға мұршасы бар. Өзіміз кілең төменгі таптың ортасында өмір сүреміз бе, әйтеуір Астанада 141 мың теңге деген жалақыны да таныстарымыздың бәрі ала бермейді. Оның үстіне Берлинге барған адам біледі, көшенің тазалығы, жолдардың сапасы, үйлердің беріктігі... кісі қызығардай ол жақта. Қылмыс аз, полиция жұмыс істейді, көшенің тәртібі деген салыстыруға да келмейді. Ал енді біз неге сасық көшедегі сапасыз үйге жаншылып жұмыс істесек те жинай алмайтын соманы беруіміз керек? Бұл не деген әділетсіздік?

JASQAZAQ.KZ. "Қазақ тілі аударма тілге айналып барады" - Бүгінгі журналистиканың ау-жайы бізге белгілі. Теле­арна, газет-журналдарда, сайттарда тілге жасалып жатқан «қастандық» екі бастан. Бұл тек біздің ғана айтатын шаруамыз емес. Біздің айтқан сөзімізге де құлақ асар деген ниетпен «Жас қазақтың» конференциясына профессор Кәкен Қамзин, ақын, журналистер Мырзан Кенжебай мен Тоқтарәлі Таңжарықты шақырып, осы мәселенің төңірегінде ой талқылап көрген едік.

ALASHAINASY.KZ. "Сенаторлар Кедендік одақ талаптарын талқылады" - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Икрам Адырбеков, Ғани Қасымов, Қожахмет Баймақанов «Кеден одағы: іс жүзіндегі өлшем» атты Алматыда өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Шараға Ресей Федерациясының парламентшілері, Еуразия экономикалық комиссиясының, одаққа қатысушы елдердің кеден, шекара және көлік қызметі мен бизнес өкілдері де болды.

"Министр Серік Әбденовті арандатушылар көбейді" - ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов әйелдер үшін зейнетке шығар жасты неліктен көтеру қажеттігіне түсініктеме берді. Осы бағыттағы өзінің түсіндірме сөз­де­рі­нен кейін министр «егер әйел адам ан­нуи­­тет алу үшін 3 млн теңгеден асатын жи­нақ жи­най алмаса, оған керек соманы жи­науға мүмкіндік бермейтін осындай ма­мандық таңдаған оның өз кінәлі» деп атап өтті.  
«Мен әу бастан-ақ мемлекеттік зей­нетақы жинақтау қорындамын және менің бүгінге жинақтаған жинағым – 3 млн 500 мың теңге. Мен қазірдің өзінде зейнетке 50-55 жасымда шығуға мүмкіндігім бар. Менің жасым қазір – 36-да. Министр ретінде мен 600 мың теңгедей жалақы аламын», – деді С. Әбденов.

AIKYN.KZ. "Ауғанстан мәселесі Алматыда қаралды" - Форумға қатысушылар алдында сөй­леген Президент Нұрсұлтан Назарбаев ай­мақтық өзара ынтымақтастықтың ма­ңызын, Ауғанстан проблемалары бойын­ша халықаралық қауымдастықтың жос­парына Қазақстанның ықпалы жөнінде, Қазақстанның өткен ғасырдың тоқ­са­ныншы жылдарынан бастап Ауғанстанға тікелей де, халықаралық шаралар шең­берінде де саяси, экономикалық көмек көр­сетіп жатқанын айтып кетті.

AZATTYQ.ORG. "Қадырбаев пен Тажаяков - күдіктілер емес" дейді адвокат Стал - Заңгердің айтуынша, қазір АҚШ-та абақтыда отырған екі жігіт "күдіктілер ретінде емес, студенттік виза тәртібін бұзған адамдар ретінде қарастырылып" отыр. АҚШ иммиграциялық қызметінің өкілдері бұл мәселе бойынша түсінік беруден бас тартқан. Ұсталған кезден бастап Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяковтан федералдық тергеу бюросы екі рет жауап алған, екеуі де Бостондағы жарылысты тергеу ісіне көмектесуге келіскен.

"Үкіметтің қолына қараған ұйымдар" - Азаттық тілшісі Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың тыныс-тіршілігі туралы зерттеп көрді. Мұндай ұйымдардың көбі мүгедектерге тиесілі. Олар ұйымды дамыту туралы өз ұсыныстарымен бөлісті.

ZHEBE.COM. "Өзбек пен қазақ молдасының айырмашылығы".

EGEMEN.KZ. "Журналист жауапкершілігі" - Пікірсайыс сұрақ берушілердің қаты­суымен қыза түсті. Бірақ негізгі түйін интернет пен әлеуметтік желілердің жалған ақпарат таратуына қарсы әрекет жасау қажеттігіне ойысып отырды.

ABAI.KZ. Мұхтар Шахановтың 1989 жылы Кремлде сөйлеген сөзі

 

 

29 сәуір 2013, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.