Атырау, 29 қыркүйек 14:28
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

2022 жылдан бері 7,8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды – Үкімет

511 просмотра

2022 жылдың басынан бері игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 7,8 млн га ауылшаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Үкіметінің мәліметіне сәйкес, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында, мәселен, Қарағанды облысында 1,5 млн га ауылшаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сондай-ақ:

  • Қостанай облысында – 738 мың га;
  • Ақтөбе облысында – 745 мың га;
  • Түркістан облысында – 631 мың га;
  • Павлодар облысында 532 мың га қайтарылды.

Республика бойынша жерді пайдаланушыларға қатысты 5,5 млн га алаңды қамтитын 2 410 жоспардан тыс тексеру тіркелді.

22 тамыз 2023, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.