Атырау, 29 қыркүйек 14:22
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанның 6 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

556 просмотра

22 тамызда Қазақстанның алты қаласында қолайсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктер болжамынша, сейсенбіде Ақтөбе, Алматы, Астана, Өскемен, Риддер және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



22 тамыз 2023, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.