Атырау, 29 қыркүйек 16:17
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі сөнбеген – ТЖМ

330 просмотра
Фото: Sputnik / Илья Питалев

Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

22 тамызда сағат 8:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан шахтасындағы өрт ошақтары әлі де сөнбеген, жағдай жақсарған жоқ. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады.

Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 17 тамыз күні өрт шыққан еді. Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адам жерге көтерілді. Өкінішке қарай, жер астында қалып қойған 5 кенші қаза тапты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

22 тамыз 2023, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.