Атырау, 23 шілде 21:20
 дождьВ Атырау +35
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Ақшабұлақ кен орнында жарылыс болды: бір адам қаза тапқан

762 рет қаралды

Қызылорда облысында "Ақшабұлақ" кен орнында өрт шықты. Салдарынан 1 адам қаза болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында "Ақшабұлақ" кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. 19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында "Ақшабұлақ" кен орнында цистерна жарылып, өрт болды.

Салдарынан 1 адам оқиға орнында қаза болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды.

ҚР ҚК-ның 156-бабы 3-бөлігі бойынша, соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайлар анықталып жатыр.


21 тамыз 2023, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.