Атырау, 29 қыркүйек 16:20
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Тоқаев Вьетнамдағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды

486 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды", - делінген хабарламада.Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барған хабарланған. Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.


21 тамыз 2023, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.