Атырау, 22 желтоқсан 09:52
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

2024 жылы орташа жалақы мен зейнетақы мөлшері қандай болады?

2 010 рет қаралды

Қаржы министрлігі "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта 2024 жылы орташа жалақы мен зейнетақы қанша болатыны көрсетілген. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жобаға сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы мөлшері - 70 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге болмақ.
  • Заң жобасына сәйкес "жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9,0 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін" деп қабылданды.
    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы. Заң жобасы 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.
21 тамыз 2023, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.