Атырау, 29 қыркүйек 16:19
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Алматы ауруханасында АИТВ жұқтырғандардың жағдайы қалай

582 просмотра

 Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) жұқтырған 3 науқасқа тегін медициналық көмек көрсетіледі. ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап жолдаған Денсаулық сактау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды: динамикалық бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта барлық 3 пациент жеке схема бойынша ем алуда, оларға барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Залалды өтеудің барлық басқа мәселелері сот тәртібімен шешілетін болады», - делінген тілші сауалына орай берілген комитет жауабында.

Мәлім болғандай, аталған инфекцияны ауруханада жұқтырған 3 науқасқа қажетті әлеуметтік қолдауды жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетіп жатыр.

Еске салайық, осы жылдың маусым айында Алматы орталық клиникалық ауруханасында жатқан үш науқастан АИТВ анықталған болатын.

Кейін Денсаулық сақтау министрлігі АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Артынша осы оқиғаға байланысты арнайы құрылған комиссия науқастарға кімнің кінәсінен АИТВ жұққанын жариялады. Тиісінше, бірнеше медицина қызметкері қызметінен кетті.

21 тамыз 2023, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.