Атырау, 29 қыркүйек 16:21
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Бүгін елдің батысында қатты ыстық күтіледі

590 просмотра

20 тамызда жоғары қысым алқабының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады: найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжанады. ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысы мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 35-39°с дейін қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Алматының солтүстігінде, Түркістан облысы мен Батыс Қазақстан облысының орталығында өрт тұтанудың аса жоғары қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жетісу облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары болады.

20 тамыз 2023, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.