Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Қазақстан» шахтасында жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта зардап шеккен екі жұмысшыны іздестіріліп, жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасып жатыр.
Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сондай-ақ қазбаны салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды. Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды», деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.