Атырау, 29 қыркүйек 16:31
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Таразда судья 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

711 просмотра

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тараз қаласының №2 сотының судьясының 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді», - деп хабарлады Антикор.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.


18 тамыз 2023, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.