Атырау, 29 қыркүйек 16:24
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Ауруханадағы шахтерлердің жағдайы белгілі болды

358 просмотра

«Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен шахтерлердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі мәлімет бойынша, ауруханада жатқан екі шахтер жан сақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырылған.

«17 тамызда «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына» 9 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі реанимациядан токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауырлау. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға, гемодинамиканың тұрақсыздығына, уланудың токсикогендік кезеңіне байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты», - делінген хабарламада.

Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Олардың жағдайы – орташа ауыр. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты.

Шахтинск қаласының орталық ауруханасының терапевтік бөлімшесіне төрт зардап шеккен адам келіп түсті, олардың біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты (амбулаториялық емдеуге жіберілді). Қалғандарының жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

18 тамыздағы жағдай бойынша аймақтың медициналық мекемелерінде зардап шеккен 13 кенші бар.

18 тамыз 2023, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.