Атырау, 22 желтоқсан 09:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Елена Рыбакина Цинциннатиде өткен турнирдің үшінші айналымына өтті

719 рет қаралды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды  Sports.kz.

Рыбакина ойынды екінші айналымнан бастап, турнирдің осы кезеңінде латвиялық Елена Остапенкомен (WTA рейтингінде 20-шы) кездесті. Матч Қазақстан теннисшісінің жеңісімен аяқталды – 6:7, 6:2, 6:4.

Осылайша, Елена Рыбакина жарыстың үшінші айналымына өтті.

Елена Остапенко – 2017 жылғы «Ролан Гаррос» чемпионы. Остапенко бұған дейінгі Рыбакинамен өткен матчында қазақстандық спортшыны кортта балағаттаған еді.

17 тамыз 2023, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.