Атырау, 17 мамыр 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Еліміздің барлық аймағында жел тұрады - Қазгидромет

444 просмотра

Қазгидромет ел аумағында 17 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр, найзағай, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын болады. Республика бойынша екпінді жел тұруы мүмкін, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

«Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-36°С қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп жазды синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.

17 тамыз 2023, 08:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.