Атырау, 17 мамыр 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Елордадағы ЛРТ қандай қосымша бағыттарда дамытылады

440 просмотра

«Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС қалалық көлік тобының бас маманы Ақмарал Темірова ЛРТ қандай қосымша бағыттарда дамытылатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЛРТ үш кезеңге бөлінген. Әуежайдан жаңа вокзалға дейін салынып жатқан бірінші кезеңі 2023 жылға жоспарланған. Әрине, біз оның тек осы бағытта ғана жұмыс істемейтіндігін түсінеміз. Оны қаланың ортасына қарай тарту қажет. 2035 жылға дейін ескі темір жол вокзалына дейін тағы бір тармақ болады. Бірінші мен екінші тармақ шамамен «Азия парк» сауда ойын-сауық орталығы ауданында түйіседі. Үшінші кезеңді 2050 жылға қарай пайдалануға береміз. Бұл ұзақмерзімді келешекке арналған жоспар. Ол Қорғалжың тас жолына қарай үшінші айналма жолға, Ильинка елді мекеніне дейін болады», - деді ол «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының» жаңа жобасы бойынша қоғамдық талқылау аясында ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Бұған дейін елордада екінші айналма жол құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар үшінші айналма жол салу жоспарланып отырғанын жазған едік.

16 тамыз 2023, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.