Атырау, 17 мамыр 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Әрбір шетелдік турист елімізге орта есеппен 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі

358 просмотра
Әрбір шетелдік турист елімізге орта есеппен 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

Былтыр Қазақстанға 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Қазақстанға алыс шетелден келген әр турист орта есеппен 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі. Мәселен өткен жылы туристік қызметтен рекордтық 389 млрд теңге салық түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 

Ұлттық банк дерегіне сәйкес Қазақстанға алыс шетелден келген 1 турист орта есеппен 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі. Әр шетелдік турист 2 жұмыс орнын ашуға себеп болады.

Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Нәтижесінде туристік қызметтен түскен салық мөлшері 389 миллиард теңгеге дейін жетіп, рекордтық нәтиже тіркелді. Оның ішінде еліміздегі орналастыру орындары 183 млрд теңге табыс тапты.

«Елімізде соңғы екі жылда туризм саласында жұмыс істейтіндердің саны айтарлықтай өсіп, 500 мыңға жуықтады. Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға дейін туризм саласында 800 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

16 тамыз 2023, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.