Атырау, 29 қыркүйек 18:34
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Неймар ресми түрде «Әл-Хилал» клубына ауысты

694 просмотра

Әлемнің ең үздік футболшыларының бірі, француздың «Пари Сен-Жермен» клубының және Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы, жартылай қорғаушы Неймар ресми түрде «Әл-Хилал» ойыншысы атанды. Бұл - Сауд Арабиясындағы ең танымал және Азиядағы ең титулды (66 кубогы бар) клуб, өткен маусымның чемпионы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Неймардың келісімшарты екі жылға арналған.

ПСЖ бұл трансфер үшін бірден 80 млн еуро алады, бонустармен қосқанда бұл сома 120 миллионға дейін көтерілуі мүмкін.

Неймар екі маусымға 160 млн еуро алады, бірақ жарнамалық келісімшарттарды ескере отырып оның табысы осы кезеңде 320 миллионға жетуі мүмкін.

Осы клубқа таяуда келген атақты ойыншы ол ғана емес. Сенегалдық Калиду Кулибали («Челси»), португал Рубен Невес («Вулверхэмптон»), серб Сергей Милинкович-Савич («Лацио») және бразилиялық Малкольм («Зенит») осы жазда «Әл-Хилалға» ауысты.

Команданы португал Хорхе Жезус (бұрын Фенербахче, Бенфика, Спортингте бапкер болған) жаттықтырып жүр.

Неймар қазірдің өзінде 31 жаста. L'Equipe басылымы «Әл-Хилалда» екі жыл ойнағаннан кейін ол 2026 жылғы әлем чемпионатына дұрыстап дайындалу үшін Еуропаға оралады деп жазды.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында көрнекті футболшы Криштиану Роналдудың саударабиялық «Әл-Наср» клубына ауысқаны туралы сенсациялық жаңалық тараған еді.


16 тамыз 2023, 07:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.